22.05.2009, 16:23 2604

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерде 2009 жылдың аяғына дейін гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының 100-ден астам жобасы жүзеге асырылады

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерде 2009 жылдың аяғына дейін гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының 100-ден астам жобасы жүзеге асырылады

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерде 2009 жылдың аяғына дейін гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының 100-ден астам жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының басқармаларының бірлескен отырысы барысында мәлім болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Отырыста биылғы жастар жылының шешуші іс-шараларына және келесі 2010 жылғы ТМД аясындағы ғылым және инновациялар жылының, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойының іс-шараларына басты назар аударылды. Жылдың аяғына дейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының форматында жүздеген іс-шаралар мен гуманитарлық науқандар қарастырылған" , - деп хабарлады қордың баспасөз хатшысы.

Қордың мәліметінше, өткен жылы ТМД қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен және оның басқаруымен мәдениет, білім беру, ғылым, ақпарат және коммуникациялар, спорт, туризм және жастармен жұмыс салаларында бірлескен 70-тен астам жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны