17.06.2006, 17:24 2898

Тәжікстан Ауғанстанда жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-шараларды қолдайды – Рахмонов

АЛМАТЫ. 17-маусым. Kazakhstan Today. «Тәжікстан Ауғанстанның халықаралық қоғамдастықтың тұрақты және өркендеуші мүшесі ретінде қайта түлеуіне көмектесу үшін, онда жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-шараларды қолдайды». Бұл туралы бүгін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммитінде сөйлеген сөзінде Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы – мәдениет мен салт-дәстүрі әртүрлі елдердің басын қосып отырған Азиядағы бірегей форум, «ол өркениеттер мен мәдениеттер арасында қатынас орнатудың пәрменді құралы бола алады».

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны