12.05.2008, 19:44 2712

Тәжікстан Қазақстанның өңірлік интеграцияға бағытталған бастамаларын қолдайды - Рахмон

Тәжікстан Қазақстанның өңірлік интеграцияға бағытталған бастамаларын қолдайды - Рахмон

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан өңірлік интеграцияға бағытталған Қазақстанның бастамаларын әрқашан қолдайды. Бұл туралы бүгін Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахион Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен келіссөздер барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Орайы келгенде айтайын дегенім, Тәжікстан өңірдің бүкіл мемлекеттерінің мүдделеріне сай келетін және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстанның ұсыныстарын қолдап келген және бұдан былай да қолдай бермек", - деді Э. Рахмон.

Ол алдағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мен басқа да бастамалары бауырлас мемлекеттің халықаралық сахнадағы үлкен беделінің дәлелі бола алатынын атап көрсетті.

Тәжікстан басшысының айтуынша, екі тарап та өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуды жақтаушылар болып табылады. "Екі республика да қатысатын ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және басқа да өңірлік бірлестіктердің тиімділігін арттыру мәселесінде Қазақстан мен Тәжікстанның ой-көзқарасы бір жерден шығып жатыр", - деді Тәжікстан Республикасының президенті.

Бұл ретте Э. Рахмон қазіргі сатыда екіжақты өзара іс-қимыл механизмдерін нығайту кезекте тұрғанын атап көрсетті.

"Бұған байланысты құрылып жатқан мемлекетаралық үйлестіру кеңесі мен сыртқы істер министрлерінің кеңесі барлық бағыттардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша жедел шешімдер қабылдаудың себепкері болу тапсырмасы жүктелген", - деп түсіндірді Тәжікстан президенті.

Сонымен қатар Э. Рахмон, қазіргі уақытта жұмысын жүргізіп жатқан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия екі елдің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен кәсіпкерлік құрылымдарының арасында жаңа салаларды іздеу мен байланыстарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жинақтауы керек деп есептейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны