28.07.2008, 10:09 1229

Тәжікстан президенті Душанбеде ШЫҰ-ның өңірлік есірткіге қарсы орталығын ұйымдастыруды ұсынады

Тәжікстан президенті Душанбеде ШЫҰ-ның өңірлік есірткіге қарсы орталығын ұйымдастыруды ұсынады

Душанбе. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбеде ШЫҰ-ның өңірлік есірткіге қарсы орталығын ұйымдастыруды ұсынады. Бұл ұсынысты ол жұма күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесу барысында жариялады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Э. Рахмон Душанбеде есірткі заттарының өндірісімен және заңсыз айналымымен күрес жөніндегі ШЫҰ-ның өңірлік орталығының ұйымдастырылуын ұсынды. Оның пайымдауынша, өңірлік қауіпсіздікті нығайту үшін Ауғанстанды ынтымақтастыққа бұдан да гөрі жақсы тартып, оған мақсатты атаулы көмек көрсету қажет", - деп хабарлады Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны