05.05.2008, 18:44 2907

Тәжікстанда 1 мамырдан бастан электр қуатының 1 кВт -с 1,4 центке көтерілді

Тәжікстанда 1 мамырдан бастан электр қуатының 1 кВт -с 1,4 центке көтерілді

Душанбе. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан үкіметі 1 мамырдан бастан электр қуатының жаңа тарифтерін бекітті, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжікстанның экономикалық даму және сауда министрлігінің ақпараты бойынша тұрғындар үшін электр қуатының 1 кВт с (1,4 центке көтерілді) құны ҚҚС қоса есептегенде 4,8 дирамды құрайтын болады.

"Тарифтер ел экономикасының дамуына септігін тигізу, энергетикалық сектордағы реформалардың стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көтерілді.

Ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша, "өнеркәсіптер үшін электр қуатының 1 вКт- с тұтыну бағасы ұлғайтылып, 10,95 дирам көлемінде белгіленді. Ал мемлекеттік "Тәжік алюминийі компаниясы" унитарлық кәсіпорны үшін оның тарифі 5,15 дирам мөлшерінде, ал машинамен су беру жүйесінің сораптық станцияларын пайдалану үшін 2,91 дирам, бюджеттік емес салалардың жылу жүйесін ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында электр қондырғылар мен электр қазандықтарда электр қуатын пайдалану үшін электр қуатының 1 кВт -с құны 27 дирам мөлшерінде бекітілді. Ал бюджеттік ұйымдар тұтынған1 кВт -с қуат көзі үшін 8 дирам төлейтін болады".

Естеріңізге сала кететін болсақ, биылғы жылы электр қуаты бағасы екінші рет көтеріліп отыр. Қаңтар айының басында электр қуатының құны 20 пайызға ұлғайтылып, 1 кВт -с 3,2 дирамды құраған. Тәжікстан үкіметі 2010 жылға дейін қуат көзінің 1 кВт -с тарифін 2,5 центке дейін көтермекші.

"Мұндай деңгей ішкі энергетикалық жүйені тиімді пайдалануға қажетті инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады ", -деп түсіндірді энергетика және өнеркәсіп министрінің орынбасары Пулод Мухиддинов.

ТР төменгі еңбек айлығы бірінші жарты жылдықта 20 сомониді құрайды.

1 сомони = 100 дирам; $1 = 3,43 сомони.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны