Тәжікстанда болған аяздар 250 млн доллар көлемінде шығын келтірді
Душанбе. 15 ақпан. "Қазахстан Бүгін" - Тәжікстанда болған аяздар 250 млн доллар көлемінде шығын келтірген, бұл жөнінде кеше өткен брифингте тәжік денсаулық сақтау министрлігі жанындағы дағдарысқа қарсы штабының өкілі, аналар мен балалық шақ бөлімінің бастығы Шамсиддин Құрбанов журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Тәжікстан екі ай бойы аяздың құрсауында. Жағдайды энергетикалық дағдарыс ұшықтыруда- Нурек ГЭС босқа жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттегі барлық өндіріс орындары тоқтатылды. Жүзімдер мен бақтар үсіп қалды, 700 гектар картоп алқабы құртылды. Аяздың салдарынан елге 750 млн доллар көлемінде шығын келтірілді", -деп ақпарат берді Ш. Кұрбанов.
Халықаралық ұйымдар мен донор -мемлекеттері жедел көмек көрсете бастады. Алайда, ол көмек жеткіліксіз болып тұр. "Дағдарыстан шығу үшін, тек қана балаларды емдеу мекемелеріне 1,5 млн доллардан кем емес қаржы керек. "Медициналық жедел жәрдем көрсету стансалары, реанимациялық және хирургиялық бөлімдері сияқты стратегиялық маңызы бар медициналық мекемелеріне генераторларды сатып алу керек. Мәселе осы тұралы", - деді Ш. Құрбанов.
Оның сөздері бойынша, генераторлардың жұмыс істеуіне 175 тонна отын қажет.
Тәжікстанда қаңтардың ортасынан бастап, электр қуатын жеткізуге қатаң тәртіп орнатылып, республика бойынша жарық тәулігіне 1-2 сағатқа қосылады. Ал Душанбеде тәулігіне 6 сағат электр қуаты беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті