04.04.2008, 14:31 3467

Тәжікстанда жаяу әскерге қарсы миналарды жою жұмыстары жалғастырылуда

Тәжікстанда жаяу әскерге қарсы миналарды жою жұмыстары жалғастырылуда

Душанбе. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда бүгін әлемдегі басқа елдеріндегідей миналарға қарсы жұмыстарға көмек беру жөнінде Халықаралық күні аталып өтілуде, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжікстанның миналар мәселесі бойынша орталығында хабарлағанындай, бүгінгі күні республикада 1 мың 200 гектар жер аймағы миналардан тазартылған болса, алда тағы да 20 млн шаршы метр аймақты қауіпті заттардан тазарту керек.

Бұл жұмыстарды 2010 жылға дейін аяқтау қажет. Жаяу әскерлерге қарсы миналарды қолдану, шығару, оны сақтауға, пайдалануға тыйым салынған Оттава Конвенциясының талаптары бойынша Тәжікстан және басқа елдер құжатқа қол қойған жылдан кейінгі он жыл аралығында өздерінің аймағында барлық миналар мен жарылғыш заттарды жоюға міндетті. Тәжікстан Оттава Конвенциясына 2000 жылы қол қойып, жүктелген міндет бойынша республика тұрғындарын мина қаупінен босату үшін 2010 жылға дейін барлық территорияны тазартуы тиіс.

Рудаки ауданының инженерлік батальенына жақын жерде иттерді миналарды іздеп табуға жаттықтыратын және Душанбедегі ЕҚЫҰ орталығы мен Тәжікстанның миналық мәселелер бойынша орталықтары, алаңдарды миналардан тазарту жұмыстарының көрсетілімін жүргізеді. Акция миналарға қарсы қызметіне көмек көрсетудің халықаралық күнінен орайластырылған.

Жарылғыш заттарды жою жұмыстарын ЕҚЫҰ Тәжікстандағы миналарды жою жөніндегі бағдарламасының атқарушы серіктесі болып отырған Швейцарияның миналарды жою қоры өткізетін болады. Бүгін сондай-ақ елде миналарды құрту қызметіне қатысты фильм көрсетіледі.

Бұл шараларға Тәжікстан республикасында миналарды жою мәселесімен айналысатын ұйымдар мен органдар өкілдері қатысады. Шараны БҰҰ даму бағдарламасының қаржылық қолдауымен Тәжікстанның миналар мәселесі бойынша орталығы ұйымдастырып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны