23.05.2008, 19:44 2965

Тәжікстанның арнайы өкілдері Таулы Бадахшанда Ауғанстанның есірткі контрабандистері жаудырған оғы астында қалды

Тәжікстанның арнайы өкілдері Таулы Бадахшанда Ауғанстанның есірткі контрабандистері жаудырған оғы астында қалды

Душанбе. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті жанындағы есірткіні бақылау жөніндегі агенттігі (ЕБА)басқармасының қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бас шегара басқармасының әскери қызметкерлері Таулы Бадахшан автономиялы облысында Тәжікстанға Ауғанстаннан тасымалданатын есірткіге тосқауыл қоюдың кезекті операциясын жүргізу кезінде шегараның дарваз учаскесінде ауғанстанның есірткі контрабандистері жаудырған оғы астында қалды, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс"ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Ауған контрабандистері түнде резинке қайықтары арқылы тәжікстанның жағасына келіп, торуылдың барын сезіп оқ жаудырды. Тәжікстанның күш құрылымдарының өкілдері оқ атқаннан кейін, олар түнді пайдаланып іздерін суытты", -деп хабарлайды ЕБА.

Оқиға болған жерді тексеру кезінде екі резинке қайық және қапқа салынған 12 келі героин табылды."Атыс салдарынан шегарашылар мен есірткіге бақылау жасау агенттігінің қызметкерлері зардап шеккен жоқ", - деп атап өтті ЕБА.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып Тәжікстанның арнайы қызмет өкілдеріне шабуыл жасаған топ анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны