14.06.2007, 14:21 2915

Тбилисиде ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіптік палата басшыларының отырысы өтеді

ТБИЛИСИ. 14- маусым. Kazakhstan Today. Тбилисиде 14-15 маусымда ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіптік палата басшыларының бесінші жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырысқа Ресей, Беларусь, Украина, Молдова, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Изербайжанның сауда-өнеркәсіптік палаталарының басшылары қатысады.

Грузияның сауда-өнеркәсіптік палатасының мәліметтеріне сүйенсек, отырыс барысында өнімдерін экспортқа шығаратын шағын және орта кәсіпорындарды қолдау, ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіптік палаталарының халықаралық коммерциялық арбитраж саласындағы ынтымақтастығы мен олардың мемлекетаралық масштабтағы коммерциялық дау-дамайларындағы делдалдар ролін орындау мәселелері талқыланатын болады. Сонымен қатар, тауарлардың шығу тегін сертификациялау, бизнес үшін жоғары мамандындырылған сарапшылар мен мамандарды дайындау мәселелері де қозғалады.

Кездесу аясында отырысқа қатысушылар шарап өнеркәсібін дамыту және шарап өнімдерін экспорттауды ұлғайту мәселелерін талқылайды. ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіптік палаталарының басшылары Грузиядағы коньяк өндіретін көне кәсіпорындардың бірі "Сараджишвили и Энисели" зауытымен танысады, деп жоспарлануда.

Отырысқа қатысушылар Грузияның премьер-министрі Зураб Ногаиделмен кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны