19.04.2010, 17:43 3194

Тегеранда Қазақстан-Иран үкіметаралық бірлескен комиссиясының 11-ші отырысы өткізіледі

Тегеранда Қазақстан-Иран үкіметаралық бірлескен комиссиясының 11-ші отырысы өткізіледі

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Тегеранда 19 және 21 сәуір аралығында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран үкіметаралық бірлескен комиссиясының 11-ші отырысы өткізіледі. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Комиссияның Қазақстан жағының тең төрағасы - Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов, ал Иран жағынан - Сыртқы істер министрі Манушер Моттаки болмақ.

Аталмыш іс-шара шеңберінде екіжақты сауда-экономикалық әріптестігінің қазіргі ахулы мен болашағы, сонымен қатар, Қазақстан мен Иран арасында басқа салалардағы ықпалдастық мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны