01.12.2012, 18:20 5578

Тель-Авивте Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына арналған дөңгелек үстел өтті

Тель-Авивте Журналистер үйінде ҚР елшлігі "Қазақстан мен Израильдің Илемдік және дәстүрлі дін басшылары съездері мен АӨІСШК ауқымындағы тиімді өзара іс-қимылы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Тель-Авивте Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тель-Авивте Журналистер үйінде ҚР елшлігі "Қазақстан мен Израильдің Илемдік және дәстүрлі дін басшылары съездері мен АӨІСШК ауқымындағы тиімді өзара іс-қимылы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шараға израиль тарапынан саяси топтар өкілдері және ғалымдар, сондай-ақ дипломатиялық корпус қатысты.

Қатысушылар алдында Қазақстан елшісі Болат Нұрғалиев сөз сөйлеп, "Израиль АӨІСШК құрамына кірген алғашқы елдердің бірі болды, ал бас раввиндер Илемдік және дәстүрлі діндер басшылары съездерінің жұмысын әзірлеуге белсене қатысып, маңызды рөл атқарып келеді", деді.

Өз кезегінде Израиль сыртқы істер министрлігі бас директорының орынбасары А.Азари Қазақстан Израиль үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті, өйткені, "энергетикалық ресурстардың едәуір үлесі нақ осы орталықазиялық елден импортталады". Ол Астананың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуына байланысты қазақстандықтарды құттықтады және ол "Израиль Астана өтінімін қуаттады, өйткені Қазақтан мұндай ауқымды шараны ойдағыдай өткізе алады" деген пікірін білдірді.

Абсорбция министрлігінің бас ғалымы З.Ханин Қазақстан ұсынып отырған толеранттық идеяларына жұртшылықтың назар аударды, ол біздің еліміз зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетаралық және дінаралық диалогты ілгері жылжытудағы өзінің мүмкіндіктерін орнымен пайдалануда деп атап өтті. "Астана әлемдік деңгейдегі ди

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны