05.06.2008, 16:05 1566

ТМД аясында мемлекетаралық ақпараттық пул құру жоспарлануда

ТМД аясында мемлекетаралық ақпараттық пул құру жоспарлануда

Минск. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ТМД аясында мемлекетаралық ақпараттық пул құру жоспарлануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінің кеңесшісі Мария Гуцалоның хабарлауынша, тиісті келісімнің жобасын жасау барысын 30 мамырда Душанбеде ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекеттік және қоғамдық телерадиоұйымдарының жетекшілері кеңесінің жұмыс тобының мүшелері талқылады.

Мемлекетаралық ақпараттық пул Достастық елдеріндегі өмір ағыны жайлы толық, жан-жақты әрі обьективті хабарлап отыруға мүмкіндік береді. Ол телевизиялық ақпарат алмасу принципі негізінде құрылады. Пулға қатысушылар басқа елдердің телерадиокомпаниялары алатын ақпараттық қоржын құру үшін өз елдерінде болып жатқан оқиғалар мен деректер жайлы хабарламалар береді. Алушы елдердің телерадиокомпаниялары бұл хабарламаларға өз тарапынан өзгерістер енгізу арқылы олардың мән-мазмұнын өзгерту құқығына ие болмайды. Қажет болған жағдайда ақпараттық қоржындарды Euronews бағдарламалары да ала алады.

Өзара бейнематериалдарды алмасуда үйлестіруші және оператор ролін мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы атқарады.

Пул құру туралы келісімнің жобасы өзара келісу процедураларынан кейін ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекеттік және қоғамдық телерадиоұйымдарының жетекшілері кеңесінің 31 қазанда Мәскеуде өтетін отырысының бекітуіне беріледі.

Жұмыс тобы сондай-ақ, бірлескен бағдарламалар мен фильмдерге қатысты жұмыстарды жүргізу тетіктері, 2009 жылдың 22 маусымында Брест бекінісінің қабырғасы жанында телемарафон өткізуге дайындық, теле- және радиобағдарламалардың биржасын құру жайын талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны