30.07.2008, 15:26 2565

ТМД байқаушыларының миссиясы Беларусь еліндегі парламент сайлауындағы жұмысына кірісіп кетті

ТМД байқаушыларының миссиясы Беларусь еліндегі парламент сайлауындағы жұмысына кірісіп кетті

Алматы. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ТМД байқаушыларының миссиясы 29 шілдеде Беларусь еліндегі парламент сайлауындағы жұмысына кірісіп кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі миссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сол күні миссия жетекшісі, ТМД Атқару комитетінің төрағасы - атқарушы хатшы Сергей Лебедев Беларусь Республикасының Орталық сайлау және республикалық референдумдар өткізу жөніндегі комиссиясының төрайымы Лидия Ермошинамен кездесті. Кездесуде ТМД байқаушыларының парламент сайлауындағы жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланды.

Беларусь еліндегі парламент сайлауына байқаушылық жасау миссиясының құрамында 300 -ден астам адам бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны