17.07.2007, 12:21 2872

ТМД бақылаушыларының миссиясы жұмысқа кірісті

АСТАНА. 17 шілде. Kazakhstan Today. Бүгін ТМД атынан 18-тамызда өтетін парламент мәжілісі депутаттарының сайлауын бақылаушылардың миссиясы жұмысқа кірісті. Бұл туралы ТМД миссиясының өкілі Владимир Гаркун ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен кездесуде хабарлады.

"Бүгін миссияның штабының жұмысы басталады, іс жүзінде сайлауды қадағалаушы миссияның өзі жұмысқа кірісті деуге болады", - деді ол.

В. Гаркунның хабарлауынша, ТМД бақылаушыларының миссиясы Қазақстанның түрлі аймақтарында, атап айтсақ, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Шымкентте алты бөлімше ашпақшы.

Жалпы алғанда ТМД-дан 400 жуық бақылаушы келеді деп күтілуде, олар сайлау барысына тікелей дауыс беру науқанына бақылау жасауға қатысса, "40 адам ұзақ мерзімді қадағалау жұмыстарын жүргізеді".

ТМД миссиясы дауыс беруге дейін екі аралық есеп, ал сайлау қорытындысы бойынша бір есеп дайындамақшы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны