19.10.2011, 09:41 5294

ТМД елдері еркін сауда аймағы туралы келісімшартқа қол қойды

ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Достастық елдерінің Үкімет басшылары 28 құжатқа қол қойылды. Соның ішінде Еркін сауда-саттық аймағы туралы келісімшарт да бар. Бұл құжат "Санкт-Петербург келісімшарты" деп аталатын болады.

Санкт-Петербург. 19-қазан. Kazakhstan Today - ТМД елдері еркін сауда аймағы туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Достастық елдерінің Үкімет басшылары 28 құжатқа қол қойды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты. Соның ішінде Еркін сауда-саттық аймағы туралы келісімшарт да бар. Бұл құжат "Санкт-Петербург келісімшарты" деп аталатын болады.

Аталмыш құжат Достастық елдерінің экономикаларын әрі қарай жақындату, өзара сауда айналымын арттыру, әлемдік нарықтың тұтас және маңызды сегменті ретінде ТМД экономикалық кеңістігін құру жолындағы ынтымақтастықты тереңдету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

"Бүгін осы құжатқа қол қойылады. Ол біздің сауда-экономикалық қарым-қатынасымызға ұзақ перспективалық негіз болатын маңызды келісімшарт", - деп мәлім етті РФ Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 58-ші отырысында.

Қазіргі таңда Достастыққа бұрынғы кеңестік 15 республиканың 11-і кіреді (1993-2009 жылдар аралығында ТМД-ға кірген Балтық жағалауы елдері мен Грузиядан басқа). Достастықтың жалпы аумағы - 22 млн шаршы шақырымды, немесе Жердің 1/6 бөлігін алып жатыр. Достастық елдерінде 282 млн адам, яғни жер халқының 4,5 пайызы тұрады. Илемдік мұнай қорының - 20 пайызы, табиғи газдың -40 пайызы, көмірдің - 25 пайызы, орман-тоғайдың -25 пайызы, орны толатын су ресурстарының - 11 пайызға жуығы, егістік жердің - 13 пайызы Достастықтың үлесіне тиесілі. Илемдік электр қуаты өндірісінің 10 пайызы Достастық аумағында өндіріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны