11.09.2006, 17:36 3453

ТМД елдері Қазақстанды 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасайтын ұжымдық үміткері деп санайды

ВЕНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. ТМД елдері Қазақстанды 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасайтын ұжымдық үміткері деп санайды. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Ресейдің тұрақты өкілі Алексей Бородавкин 7-қыркүйекте Венада ұйымның тұрақты кеңесінің жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

ВЕНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. ТМД елдері Қазақстанды 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасайтын ұжымдық үміткері деп санайды. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Ресейдің тұрақты өкілі Алексей Бородавкин 7-қыркүйекте Венада ұйымның тұрақты кеңесінің жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А.Бородавкин 2005-жылдың тамыз айында Қазанда өткен саммитте ТМД-ға қатысушы елдер "Астананың 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуға үміткер болуын ресми түрде қолдауға шешім қабылдағанын" еске салды. "Демек, біздіңше, Қазақстан іс жүзінде ТМД -дан ат ұсынған ұжымдық үміткерге айналды",- деп атап өткен тұрақты өкіл, "осыған байланысты Ресей Қазақстанның ұмтылысының іске асуын өзінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысуындағы басымдық берілген мақсаты деп есептейді", деді.

"Біздің пайымдауымызша, Қазақстан - лайықты үміткер. Ол дүниежүзінде өзіне лайықты беделге, сондай-ақ, біздің ұйымды басқарудың аса жауапты функциясын абыроймен атқарып шығуға мүмкіндік беретін тәжірибе мен ресурстарға ие ел деп санаймыз",- деді А.Бородавкин.

Ресейдің тұрақты өкілінің пікірінше, "Астанаға сенім көрсету Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасындағы қарым-қатынасқа тең құқылы әріптестік сипат береді".

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тұрақты кеңесінің жиынында Беларусь өкілі де Қазақстанның кандидатурасына қолдау білдірді. "Беларусь елі Қазақстанды 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға ТМД тарапынан қолдау тапқан лайықты үміткер деп санайтынын біз растағымыз келеді",- деп мәлімдеді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жанындағы Беларусьтің тұрақты өкілі Александр Сычев. "Бұл мәселе бойынша біз қазір де, бұдан былай да 2005-жылдың тамыз айында Қазанда ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекет басшыларының кездесуінде қабылданған бірлескен мәлімдемеге жүгінетін боламыз",- деді ол.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жанындағы Қырғызстанның тұрақты өкілі Рина Приживойт та ресми Бішкектің Қазақстанды 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға лайықты ел деп есептейтінін растады. "Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болып сайлануы тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Орталық Азиядағы басқа елдердің де демократиялық дамуды пәрмендендіруіне қуатты ынталандыру факторы болумен бірге, барлық ТМД елдері үшін үлгі болар еді",- деді Р.Приживойт.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны