06.09.2007, 17:25 3008

ТМД елдері лаңкестіктің алдын алудағы тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді еселей түсуді жалғастыруы керек

ТМД елдері лаңкестіктің алдын алудағы тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді еселей түсуді жалғастыруы керек, деп мәлім етті ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесіне отырысында Ресей Федерациясының ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. БАКУ. ТМД елдері лаңкестіктің алдын алудағы тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді еселей түсуді жалғастыруы керек, деп мәлім етті ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесіне отырысында Ресей Федерациясының ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев.

"Соңғы кездері халықаралық қылмыстық топтардар жасаған лаңкестік әрекеттерінің сериясы біздің елдеріміздің заманауи қауіп-қатерлерге ұдайы дайын болу қажеттігін тағы да көрсетіп отыр. Осыған байланысты ТМД-ға мүше мемлекеттер лаңкестіктің алдын алудағы тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін еселей түсуді одан әрі жалғастыруға тиіс",- деді Рашид Нұрғалиев.

Оның айтуынша, ТМД құқық қорғау органдарының осы бағыттағы ынтымақтастығының бірқатар жетісті мысалдары да бар. Атап айтқанда, бұл "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының мүшелерін тартып, Өзбекстандағы ахуалды тұрақсыздандырмақ болған Өзбекстан азаматын ұстау.

Ресей Федерациясының ішкі істер министрі сондай-ақ, Ресей өз тарпынан ТМД елдерінің аумағына тлаңкестік топтардың кіру арналарын анықтауға қатысты, лаңкестік шаралардың алдын алуға антитеррористік күш пен құралдардың жедел дайындығын қамсыздандырудағы іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатқандығын атап өтті. Р. Нұрғалиев сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының санкциялық тізіміне Ресей Федерациясының Жоғарғы соты лаңкестік ұйым деп таныған 15 ұйымы қосылғандығын еске сала кетті.

Ресейлік министр сондай-ақ ТМД елдерін кибернетикалық қылмыстардың жолын кесудегі ынтымақтастығын пәрмендендіруге шақырды. "Қазіргі уақытта Достастық елдері бірыңғай ақпараттық кеңістікте өмір сүруде. Бұл біздің салыстырмалы түрде қылмыстың жаңа түрі болып табылатын - ақпараттық технология саласындағы қылмыстарға қарсы тұрудың бірыңғай майданын құру мақсатында белсенді ықпалдастығымызға негіздейді",- деді Рашид Нұрғалиев.

Сонымен қатар оның айтуынша, бірлескен күшімізді біріктірудің, көліктегі қауіпсіздікті қамсыздандыру үшін ішкі істер органдары мен полицияның жедел өзара ықпалдастығының деңгейін көтеру қажет.

"Қол жеткізу мүмкіндігіне, халықтың жаппай пайдаланатындығына, бағыттардың біршама ұзақтығына және өзіндік технологиялық процесстердің күрделілігіне байланысты транспорт саласы лаңкестік қаупі тұрғысынан ең бір осал инфрақұрылымға саналады. Лондондағы, Мадридтегі, Мәскеудегі көлікте болған және үстіміздегі жылдың тамызында болған Мәскеу - Санкт-Петербург темір жолындағы лаңкестік шаралары біздің қабылдаған шараларымыздың дұрыстығы мен уақытын тапқандығының куәсі", - деді Рашид Нұрғалиев.

Ресейлік министр Рашид Нұрғалиев сондай-ақ заңсыз көші-қон мәселесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, ТМД елдері шетелдік жұмыс күшін тартудан мүдделі, бірақ заңсыз көші-қон және онымен байланысты заңсыз еңбек нарығы ұлттық экономикаға айтарлықтай шығын әкеледі.

"Жүргізілген мақсатты шаралар мен арнайы шаралар заңсыз көші-қон арналарын, төлқұжаттарды, көші-қон карточкаларын және басқа да құжаттарды қолдан жасау деректері, шетелдік жұмыс күшін пайдаланудағы заң бұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге мүмкіндік берді",- деді Рашид Нұрғалиев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресей аумағында ТМД мемлекеттерінің заңсыз көші-қонға қарсы әрекеттер жөніндегі міндеттер жүктелетін бөлімшелері басшыларының жұмыс кездесуі өтетін жері мен мерзімі туралы мәселелер пысықталуда.

ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесіне отырысының негізгі бөлімі баспасөз үшін жабық жағдайда өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны