26.09.2007, 17:38 3553

ТМД елдері президенттерінің саммитіне Достастыққа мүше 12 мемлекеттің басшылары түгелдей қатысады - Тәжікстанның СІМ

ТМД елдері президенттерінің саммитіне Достастыққа мүше 12 мемлекеттің басшылары түгелдей қатысады - Тәжікстанның СІМ

Душанбе. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде 5 - 7 қазан аралығында өтетін ТМД елдері президенттерінің саммитіне Достастыққа мүше 12 мемлекеттің басшылары түгелдей қатысады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігіндегі ақпарат көзінен хабарлады.

"Саммит жұмысына Достастыққа мүше барлық 12 мемлекеттің басшылары түгелдей қатысады, деп күтілуде",- деп атап өтті Тәжікстанның сыртқы саясат мекемесіндегі ақпарат көзі. Ол, сондай-ақ қазіргі уақытта министрлікке ТМД елдерінен келетін өкілдер құрамының тізімі келіп түсуге тиіс, деп қосты.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, алдағы ТМД елдерінің президенттері саммитінің күн тәртібі 20-ға жуық мәселені қамтыған, олардың ең бастылары - Достастықты дамыту концепциясы мен оны орындауға қатысты негізі іс-шаралар жоспары. Атап айтқанда, дайындалған концепция жобасы ТМД-ның одан әрі эволюциялық дамуын, Достастыққа мүше елдердің өзара ықпалдастығының тиімділігін көтеру үшін экономикалық және саяси тұрғыдан бірігуін қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны