22.09.2006, 11:40 2749

ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесі ардагерлердің жолақысына қатысты жеңілдіктер туралы келісімге енгізілетін түзетулерді қарайды

АЛМАТЫ. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сондай-ақ, олармен теңестірілген тұлғалардың жеңілдікпен қатынау құқығын өзара мойындау туралы 1993-жылғы 12-наурыздағы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама жобасы ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесінің қарауына ұсынылады. ТМД Атқару комитетінде Минск қаласында өткен үш күндік сарапшылар кеңесінде кеше осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Отырысқа Беларусь, Ресей, Украина, Изербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова және Тәжікстан өкілдері қатысты. Талқылау барысында хаттаманың жаңа редакциясының жобасын сарапшылар негізінен мақұлдады.

Бұған қоса кездесу барысында сарапшылар Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сондай-ақ, басқа мемлекеттірдің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар мен қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара мойындау жөніндегі 1994-жылдың 15-сәуіріндегі келісімді одан әрі жүзеге асыру төңірегінде пікір алмасты. Атап айтсақ, келісімге қатысушы елдердің үкіметтеріне ағымдағы жылдың 1-желтоқсанына дейін аталмыш проблеманы шешуге қатысты өз ұсыныстарын ТМД Атқару комитетіне жолдау жөнінде өтініш жасауға шешім қабылданды.

Отырысқа қатысушылар ТМД экономикалық кеңесінен Киев қаласында 206-жылдың желтоқсан айында ТМД елдерінің көлік, қаржы, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрліктері мен мекемелерінің өкілдерін мідетті түрде қатыстыра отырып мемлекетаралық жұмыс тобының кезекті отырыысн өткізуді сұрау жөнінде шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны