18.09.2007, 15:44 3232

ТМД елдерінің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесі Душанбеде бас қосады

ТМД елдерінің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесі Душанбеде бас қосады.

Душанбе. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің 11-ші сессиясының отырысы қыркүйектің 24 мен 27 аралығында Душанбеде өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Тәжікстан үкіметінің жанындағы бас геологиялық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, отырысқа ТМД-ға қатысушы 12 елден 50-дей өкіл мен ТМД үкіметаралық кеңесінің төрағасы Владимир Карпук қатысады.

Отырыс барысында тараптар жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің іс-қызметі жөніндегі есепті талқылайды. Отырыс аясында тиісті құжаттарға қол қою жоспарланған.

ТМД елдерінің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің сессиясы Тәжікстан үкіметінің бастамасымен өткізілмекші.

Сессияға қатысушылар Тәжік алюминий компаниясы мен Нурек СЭС-ында болады деп күтілуде.

ТМД елдерінің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесі 1997 жылдың 27 наурызында құрылған. Ол кезде кеңес құрамына ТМД-ға қатысушы 9 ел қамтылған және ол ТМД-ға қатысушы елдердің "Тау хартиясы" кеңесі деп аталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны