13.10.2006, 18:23 2905

ТМД электрэнергетикалық кеңесінің отызыншы отырысы барысында электр қуаты саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер талқыланды

АСТАНА. 13-қазан. Kazakhstan Today. ТМД электрэнергетикалық кеңесінің отызыншы отырысы барысында электр қуаты саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Отырысқа қатысушылар ТМД елдерінің электрэнергетикасы бірлестіктерінің 2006/2007 қыс-күз маусымдарына дайындық барысын талқылап, ТМД елдері ұлттық энергетикалық жүйелеріне мемлекетаралық желілеріне қызмет көрсету және баланстық қарастылығын шектеу мәселелерін қарады.

Сонымен бірге UCTE, ТМД және Балтық жағалауы елдерінің энергетикалық жүйелерін синхронды біріктірудің техника-экономикалық негіздемесін жасау жайы қаралды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны