12.09.2008, 18:46 2919

ТМД қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық бойынша тұрақты жұмыс істейтін құрылым жасақтауда

ТМД қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық бойынша тұрақты жұмыс істейтін құрылым жасақтауда

Мәскеу. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ТМД қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық бойынша тұрақты жұмыс істейтін құрылым құруда. Бүгін Мәскеуде қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ТМД органдарының жұмысшы құрылымдары жетекшілерінің тұрақты жұмыс істейтін кеңесінің ұйымдастырушылық жиыны өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқрау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыста кеңестің төрағасын сайлау және кеңестің ережелерінің жобасы мен оның 2008-2009 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылау көзделген.

Қауіпсіздік және қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыратын жарғылық және салалық органдардың отырыстары ТМД шеңберінде 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Осындай отырыстар бұған дейін төрт мәрте Мәскеу, Минск, Киев және Астанада өткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны