08.08.2006, 13:57 2963

ТМД өкілетті өкілдерінің тұрақты кеңесі Достастық органдарын жаңалау мәселелерін талқылайды

МИНСК. 8-тамыз. Kazakhstan Today. ТМД Атқару комитетінде бүгін ТМД-ға қатысушы елдердің жарғылық және басқа да органдарының жанындағы өкілетті өкілдерінің тұрақты кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Атқару комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес мүшелері бұған дейінгі отырыста қабылданған шешімдердің орындалуына қатысты ақпаратты тыңдап, Мемлекет басшыларының кеңесі, үкімет басшыларының кеңесі мен Достастықтың сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырыстарының күн тәртібін талқылайды. Бұған қоса жиында ТМД өкілетті өкілдерінің тұрақты кеңесінің жұмыс регламентінің жаңа редакциясын талқылау межеленген.

Сонымен бірге отырыс барысында Достастық органдарының іс-қызметін жетілдіру мен оны реформалауға, ТМД жылына арналған негізгі шаралардың жоспарын жүзеге асыру барысына қатысты мәселелерді қарау көзделген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны