12.06.2008, 10:23 1385

ТМД сарапшылары қару-жарақтың заңсыз айналымымен күрестегі ынтымақтастық жөніндегі келісім жобасымен келісті

ТМД сарапшылары қару-жарақтың заңсыз айналымымен күрестегі ынтымақтастық жөніндегі келісім жобасымен келісті

Минск. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Минскідегі ТМД Атқару комитетінің сарапшылар тобының 10-11 маусымдағы отырысында қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз дайындау және заңсыз айналымымен күрестегі ТМД елдерінің ынтымақтастығы келісім жобасын келісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Отырысқа төрағалық еткен РФ Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдерінің Бірінші департаментінің директорының орынбасары Сергей Третьяков атап көрсеткендей, ТМД елдеріндегі лаңкестік актілердің барлығы дерлік заңсыз айналымда жүрген қару-жарақ пен жарылғыш заттарды пайдалану арқылы іске асырылады.

Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, құжат сонымен қатар, қару-жарақтың заңсыз айналымына қатысы бар ұлтаралық қылмыстық топтар, олардың көшбасшылары мен мүшелері жайлы мәліметтер банкін құруды қарастырады.

Келісім жобасын ТМД елдерінің Үкімет басшыларының кеңесінің кезекті отырысының қарауына бекітілген тәртіппен енгізуге шешім шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны