06.12.2006, 11:16 2613

ТМД сарапшылары мәдени құндылықтарды қымқырумен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттың жобасын келіспекші

МИНСК. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. Минск қаласында 6-8-желтоқсанда ТМД-ға қатысушы елдердің мәдени құндылықтарды қымқырумен күрес және олардың қайтарылуын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын толықтырып келісу жөніндегі сарапшылар тобының екінші отырысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл құжатта ТМД-ға қатысушы елдердің мәдени құндылықтарды қымқырумен күрес саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, осы саладағы ұлттық заңнаманы өзара үйлестіру бағыттары бойынша ынтымақтастығын дамыту қарастырылған. Сонымен бірге келісімді жүзеге асыру аясында мәдени құндылықтарды тонауға байланысты қылмыстық ахуалға және онымен күрес нәтижелеріне талдау жасау; құндылықтарды тонауға қарсы күрес шараларын алу үшін құқық қорғау және басқа да мекемелер арасындағы ықпалдастық тетіктерін жетілдіру; құндылықтарды тонауға қатысы болуы ықтимал заңды және жеке тұлғалардың іс-қызметін қадағалау; тоналған құндылықтарды іздеу және оларды қайтаруды қамтамасыз етуге қажетті тиімді шаралар қолдану көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны