10.06.2008, 14:22 2959

ТМД сарапшылары Минск қаласында қару-жарақ пен оқ-дәрінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жобасын талқылауда

ТМД сарапшылары Минск қаласында қару-жарақ пен оқ-дәрінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жобасын талқылауда

Минск. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ТМД-ның Минск қаласындағы бас пәтерінде ТМД аясындағы қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды заңсыз жасау мен олардың заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жобасын келісу мәселесі бойынша сарапшы топтың отырысы өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, келісімнің жобасында ТМД елдерінің қару-жарақты заңсыз жасауға байланысты қылмыстардың алдын алу және оларды әшкерелеу, қалыптасқан ахуалды талдау, келісілген стратегия мен бірлескен күрес шараларды дәйектеу, құзырлы органдардың ықпалдастық тетіктерін үйлестіру мен жетілдіру саласындағы ынтымақтастықты жолға қою жоспарланған.

Сондай-ақ, заңсыз қару-жарақ айналымына қатысы бар трансұлттық қылмыстық топтар туралы, оалрдың жетекшілері мен қатысушылары туралы бірлескен мәліметтер базасын құру көзделген. Оған барлық ТМД елдеріндегі қылмыстық топтар туралы ақпарат келіп түседі. Қажетті жағдайда оны әр елдің құқық қорғау органдары пайдалана алады.

Алдағы отырыс келісімнің жобасын келісу бойынша өтетін сарапшылардың екінші бас қосуы болмақ. Бірінші сарапшылық отырыс барысында құжаттың жобасы дәйектелген. Түпкілікті келіскеннен кейін оны белгіленген тәртіппен Достастық елдерінің үкімет басшыларының қарауына ұсыну жоспарланған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2007 жылы ТМд аумағында қару-жарақтың, оның құрамды бөлшектері, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымына қатысты 46 мыңнан астам қылмыстың беті ашылған. Сонымен бірге, тағы да 8,6 мыңнан астам қылмыстар оқты және газды қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды пайдалана отырып жасалған.

Бұл құжатты дайындау қылмыспен күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бірлескен мемлекетаралық шаралары бағдарламасына сәйкес қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны