26.03.2007, 15:20 3294

ТМД СІМ кеңесінің 2007-жылғы сәуір айында өтетін мәжілісі барысында 19 мәселе талқыланады

МИНСК. 26-наурыз. Kazakhstan Today. ТМД СІМ кеңесінің 2007-жылғы 25-сәуірде Астанада өтеді деп межеленген кезекті мәжілісі барысында 19 мәселе талқыланады, оның бесеуі ақырғы шешім қабылдауға байланысты болмақ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД атқару комитетінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлер мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңес пен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңестің іс-қызметіне қатысты мәселелерді талқылап, осы кеңестердің есептері бойынша шешім қабылдайды. Отырысқа қатысушылар Достастық аясындағы сыртқы істер министрліктері арасындағы көп деңгейлі консультациялардың 2006-жылға арналған жоспарын жүзеге асыру мен 2007-жылғы консультациялар жоспарын талқылайды.

Отырыста сонымен бірге Абхазиядағы (Грузия) шиеленіс аймағында бейбітшілікті қолдау жөніндегі ұжымдық күштердің іс-қызметіне қатысты құжаттар қаралады. Атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі сыртқы істер министрлерінің кеңесінде түпкілікті шешім қабылдау үшін аталмыш күштердің қолбасшылығы жөніндегі мәселені енгізді. Шешімнің жобасында Абхазиядағы (Грузия) шиеленіс аймағында бейбітшілікті қолдау жөніндегі ұжымдық күштердің қолбасшысы, генерал-майор Сергей Чабанның өкілеттілігі мерзімін сыртқы істер министрлерінің кеңесі белгіленген тәртіппен қолбасшының кандидатурасын келскенге дейін ұзарта тұру жөніндегі қорғаныс министрлерінің кеңесінің ұсынысымен келісу ұсынылған.

Сонымен бірге ТМД аясында бейбітшілікті қолдау жөніндегі ұжымдық күштердің қызметкерлеріне әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер беру, сондай-ақ, ТМД аясында бейбітшілікті қолдау жөніндегі ұжымдық күштердің қызметкерлерінің іс-қызметінің қаржылық, техникалық және тылдағы қамтамасыздығының тәртіптерін талқылау көзделген. Оларды ТМД Экономикалық кеңесі мен сыртқы істер министрлігінің кеңесі мақұлдаған жағдайда түпкілікті шешімді ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында қабылдау жоспарланған.

Сонымен бірге сыртқы шекараларда дағдарысты жағдай туындағанда ТМД-ға қатысушы елдердің шекаралық және басқа да мекемелерінің арасында өзара көмек көрсету мен дағдарысты реттеу бағытындағы ықпалдастығын ұйымдастыру, сондай-ақ, шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрметті шекарашысы" атты төс белгісін тағайындау жөніндегі мәселелерге арналған құжаттардың жобасы талқыланады.

Сыртқы істер министрлері бұған қоса ТМД үкімет басшылары кеңесінің 2007-жылы 25-мамырда Ялтада өтеді деп межеленген кезекті мәжілісінің күн тәртібінің жобасын сарапқа салады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны