26.03.2010, 18:11 3126

ТМД тәжірибелік мақсаттарды шешуді мұрат тұтады - Беларусь сыртқы істер министрі

ТМД тәжірибелік мақсаттарды шешуді мұрат тұтады - Беларусь сыртқы істер министрі

Мәскеу. 26 наурыз. Kazakhstan Today - ТМД тәжірибелік мақсаттарды шешуді мұрат тұтады. Бұл туралы бүгін Мәскеуде өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Беларусь сыртқы істер министрі Сергей Мартынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, бүгін өткен министрлер бас қосуының басты мақсаты - ТМД үкімет басшылары мен ТМД мемлекет басшыларының алдағы отырыстарына арналған құжаттарды дайындауға саяды, деді С. Мартынов. Оның айтуынша, Сыртқы істер министрліктерінің басшылары 20-ға жуық құжатпен қоса күн тәртібіне қосымша енгізілген бірқатар мәселелерді қарады. Олардың барлығы бойынша дерлік оң шешім қабылданды.

"Бұлар - ТМД аясында байыпты әрі тәжірибелік қызметтер орныға бастағанын дәлелдейтін құжаттар. Олар Қарулы күштердің өзара ықпалдастығына, шекаралық және антитеррорлық қызметтердің ықпалдастығына қатысты. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойын мерекелеуге қатысты іс-шаралар да талқыланды", -деді ол.

Сондай-ақ, сыртқы саясат мекемелерінің басшылары ТМД-ның 20 жылдығына арналған іс-әрекеттердің жоспарының жобасын да алдын-ала мақұлдады.

"Мәскеуде бүгін өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының қорытындысы ТМД-ның тәжірибелік мақсаттарды шешуді мұрат тұтатынын дәлелдейді", - деді министр.

Отырыста сонымен қатар ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысты мәселелер де талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны