14.05.2007, 18:23 2871

ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында 25 мәселе қаралмақшы

МИНСК. 14-мамыр. Kazakhstan Today. ТМД үкімет басшылары кеңесінің 25-мамырда Ялтада өтетін отырысының күн тәртібі жобасында 25 мәселе қаралады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД атқару комитетінен хабарлады.

"ТМД үкімет басшылары кеңесі отырысының күн тәртібі жобасында Достастыққа қатысушы елдердің экономика, әлеуметтік саясат, гуманитарлық және әскери ынтымақтастық саласындағы ықпалдастықтарға қатысты, сондай-ақ, ТМД органдарының іс-қызметін қаржымен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер басты тақырыпқа айналмақ",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, отырыста ТМД-ға қатысушы елдердің ортақ электр қуаты нарығын қалыптастыру, жасанды дәрілердің айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдердің жобасын, Достастыққа мүше елдердің ТМД аумағында құс тұмауының таралуы мен өтіп кетуінің алдын алуға бағытталған бірлескен шаралар кешені туралы шешім; Достастық аясында бейбітшілікті қолдау жөніндегі Ұжымдық күштердің іс-қызметіне қатысты, гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық қордың жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланады.

ТМД атқару комитетінен хабарлағанындай, жеті құжаттың жобасы қаралып, оларды сыртқы істер министрлерінің кеңесі кезекті отырыста 25-сәуірде Астанада мақұлдады. Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе - "Қылмыспен және есірткілік, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күреске бағытталған бірлескен шаралардың 2008-2010-жылдардағы мемлекетаралық бағдарламаларының жобасын жасау туралы" мәселе ТМД аясындағы қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтасты жүзеге асырушы органдарының үйлестіру кеңесінде талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны