22.05.2009, 15:31 2273

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесі Достастық аясында H1N1 тұмауы таралуының алдын алуға бағытталған бірлескен шараларды дәйектеу жөнінде шешім қабылдады

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесі Достастық аясында H1N1 тұмауы таралуының алдын алуға бағытталған бірлескен шараларды дәйектеу жөнінде шешім қабылдады

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесі Достастық аясында H1N1 тұмауы таралуының алдын алуға бағытталған бірлескен шараларды дәйектеу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісінен кейін өткен баспасөз мәслихатында ТМД Атқару комитетінің төрағасы, атқарушы хатшы Сергей Лебедев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

С. Лебедевтің айтуынша, ТМД елдерінің үкімет басшыларымен кездесу барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев H1N1 тұмауы таралуының алдын алуға бағытталған, ТМД аясындағы бірлескен шараларды дәйектеу жөнінде қызғылықты әрі өзекті ұсыныс жасады.

"Бұл бастаманы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісінде Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жария етіп, ол бір дауыстан қолдау тапты", - деді ТМД атқарушы хатшысы.

"Біз талқылаған күн тәртібіне қосымша ТМД аясында H1N1 тұмауы таралуының алдын алуға бағытталған бірлескен шараларды дәйектеу жөнінде шешім қабылданды", - деді С. Лебедев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны