22.05.2009, 16:46 3352

ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыру іс-шараларының жоспары мақұлданды

ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыру іс-шараларының жоспары мақұлданды

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін (2009-2011 жылдар) жүзеге асыру іс-шараларының жоспары мақұлданды. Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісінен кейін Молдова үкімет басшысы Зинаида Гречаная мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Молдова үкімет басшысының хабарлауынша, "мемлекеттердің түрлі ынтымақтастық салаларына қатысты 18-ден астам мәселе бойынша шешімдер қабылданды". "Ең алдымен біз ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін (2009-2011 жылдар) жүзеге асыру іс-шараларының жоспарын мақұлдадық", - деді ол.

З. Гречаная ханымның нақтылауынша, "ТМД елдерінің ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық стратегиясын уақыт талабына сәйкестендіру мақсатында қажетті өзгерістер енгізіліп, осы стратегияны 2010 жылға дейін жүзеге асыру іс-қимылдарының жоспары қабылданды".

"Яғни, әдеттегідей, үкімет басшылары экономикалық проблемаларды назар төріне алуға тырысты, дегенмен, біздің көпжақты ынтымақтастығымыздың басқа да маңызды қырлары, бірінші кезекте, гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері де назардан тыс қалған жоқ", - деді Молдова премьері.

"Осынау күрделі экономикалық кезеңде барлық қабылданған шешімдер мен қабылданған заңнамалық нормалардың іс жүзінде орындалуы аса маңызды, және біздің адамдарымыздың, капитал мен өзара сауда-саттықтың алға ілгерілеуіне жасанды кедергілер тұрғызбауымыздың маңызы зор ", - деді З. Гречаная.

Молдова премьер-министрінің айтуынша, ТМД үкімет басшылары "осындай келісімге келді. Бүгін қабылданған шешімдер - біздің елдеріміздің дамуы мен Достастықтың дамуына аса қажетті, тиімді шешімдер".

З. Гречанаяның хабарлауынша, сондай-ақ, барлық ТМД үкімет басшылары бүгін тар құрамда әлемдік экономикалық дағдарысқа қатысты проблемаларды жан-жақты талқылады. "Ир үкімет басшысы өз еліндегі ахуал жайлы пікір алмасып, өз еліндегі оңды тәжірибесімен бөлісуге әзірлік білдірді, әрине, кері тәжірибе де - тәжірибеге жатады, бірақ оны басқа елдерде қайталануының қажеті жоқ", - деді ол.

Бұған қоса, оның айтуынша, үкімет басшылары 2009 - 2010 жылдарға арналған гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басымдық берілген іс-шаралардың жоспарын талқылады. Сонымен бірге, ортақ білім беру кеңістігін одан әрі дамыту іс-шараларының жоспары мен 2010 жылға дейінгі осы саладағы ынтымақтастық іс-шараларының жоспары қаралды.

Сондай-ақ, үкімет басшылары Ауғанстандағы соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен әскерилерді іздестіру мәселелерін қарап, Жеңістің 65 жылдығын тойлау іс-шараларының жоспарын бекітті. Осы мерейтойға орай біртұтас мерейтойлық медаль жасап шығару жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны