09.06.2009, 16:12 2788

Трансазиялық теміржолдар желісін құру жөніндегі үкіметаралық келісім 11 маусымда күшіне енеді

Трансазиялық теміржолдар желісін құру жөніндегі үкіметаралық келісім 11 маусымда күшіне енеді

Алматы. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Трансазиялық теміржолдар желісін құру жөніндегі үкіметаралық келісім 11 маусымда күшіне енеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Келісім ұзындығы 114 шақырымдық, өңірдегі 28 елді өзара қосатын Трансазиялық халықаралық теміржолдар желісін құруға бағытталған. Құжатқа 2006 жылдың қараша айында Оңтүстік Кореяның Бусан айлағында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясына (ЭСКАТО) мүше елдердің министрлер конференциясында қол қойылған.

Жаңа келісімнің аясында төрт халықаралық бағытты дамыту қарастырылған. Солтүстік дәліз Ресей, Қазақстан, Монғолия, Қытай мен Корей түбегін қосады. Ал оңтүстік дәліз Таиланд пен Қытайдың Юньнань провинциясын Түркиямен жалғастырады. Ол Бангладеш, Үндістан, Пакистан және Иран арқылы өтеді. Субөңірлік желі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін : Бруней, Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Филиппины, Сингапур, Таиланд және Вьетнамды қосады. Солтүстік-Оңтүстік транспорттық дәлізі Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағымен жалғастырады, ол Ресей, Орталық Азия және Кавказ арқылы өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны