16.10.2006, 16:35 3183

Траншекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының отырысы қазанда Алматыда өтеді

АСТАНА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Траншекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының 4-отырысы қазанның 16 мен 21 аралығында Алматыда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Отырыста өзара мүдделер теңдігі мен ұзақ мерзімді перспективалардың негізінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері мен аталмыш өзендердегі іс-қызметті реттейтін құжаттардың жобасы қаралады",- деп бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті.

Траншекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясы 2003-жылы жұмыс істей бастаған. Ол ротациялық тәртіппен қазақстан мен Қытайда алма-кезек жиналады. Комиссияның үшінші отырысы 2005-жылдың қазан айында Шанхайда өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны