28.03.2007, 16:03 3002

Транскаспий құбырын тарту әзірге тек сөз жүзіндегі мәселе түрінде ғана талқылануда - ҚР СІМ

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Транскаспий құбырын тарту әзірге тек сөз жүзіндегі мәселе түрінде ғана талқылануда. Бұл туралы бүгін еліміздің сыртқы істер министрі Марат Тәжин баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ең алдымен Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселенің басын ашып алу керек. Изерге мәртебе айқындалмай тұрып Каспийдің табаны арқылы тартылатын құбыр туралы сөз қозғау қиын",- деді М.Тәжин. "Бұл мәселені шешудің қазіргі заманғы технологиялық мүмкіндіктері бар. Бірақ олар туралы айту әзірге ерте",- деді ол. "Сауатты құрылған экономикалық қамтамасыздықсыз жобаның орындылығы туралы айту да күрделі",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны