05.07.2011, 18:23 3540

Триполи Каддафидің биліктен кетуге дайын екенін жоққа шығарды

Бұдан бұрын "Коммерсантъ" басылымы Ресей басшылығындағы жоғары шенді шенеунікке сілтеме жасай отырып, "полковник қауіпсіздік кепілдемесі берілетін болса, биліктен кетуге дайын екені туралы белгі беруде" деп хабарлаған болатын.

Алматы. 5 шілде. Kazakhstan Today - Муаммар Каддафидің жеке басының қауіпсіздігінің кепілдемесін ала отырып биліктен кетуге дайын екендігі туралы хабар шындыққа жанаспайды, деп мәлімдеді Ливия үкіметінің ресми өкілі Мұса Ибрагим, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, келіссөздер тек атысты тоқтату, қажет жандарға гуманитарлық көмек жеткізу және ливиялықтар арасындағы диалог жөнінде ғана болып отыр, деп хабарлайды Lenta.ru.

Бұдан бұрын "Коммерсантъ" басылымы Ресей басшылығындағы жоғары шенді шенеунікке сілтеме жасай отырып, "полковник қауіпсіздік кепілдемесі берілетін болса, биліктен кетуге дайын екені туралы белгі беруде" деп хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны