15.01.2008, 17:56 3337

Түрікменстан елшісі сенат спикерімен кездесті

Түрікменстан елшісі сенат спикерімен кездесті

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті cенатының nөрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Республикасының елімізде тіркелген елшісі, дипломатиялық корпустың дуайені Мухамед Абалаковты оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды агенттік сенаттың баспасөз қыдметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан мен Түрікменстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Қ.Тоқаев екі ел арасындағы "қарым-қатынастардың нығая түскенін, екіжақты әріптестік тұрғысындағы қатынастарға мемлекет басшыларының кездесулерінде қол жеткен уағдаластықтар тың серпін бергенін" атап өтті.

Сенат төрағасы Қазақстан мен Түрікменстан елдері арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін түрікмен елшісіне алғысын білдіріп, парламент сенатының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны