19.02.2007, 16:43 3287

Түрікменстан халықаралық ұйымдарға қатысу мәселесінде бейтараптық сақтайды

АЛМАТЫ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Түрікмения халықаралық ұйымдарға қатысу мәселесінде бейтараптық мәртебесін сақтап қалады, деп мәлімдеді "Түрікменстан" журналына берген сұхбатында жаңа президент Гурбангулы Бердімұхаммедов.

"Түрікменстанның халықаралық ұйымдарға қатысу немесе қатыспауында осынау мүшеліктің еліміз 1995-жылы қабылдаған және бүгінгі күнге дейін бұлжытпай сақтап келе жатқан халықаралық бейтараптық мәртебесіне сәйкестілік - шешуші фактор болып табылады",- деді Г.Бердымұхаммедов өзінің президент ретінде берген алғашқы сұхбатында.

"Түрікменстанның барлық сыртқы саяси қадамының негізінде тұрақты бейтараптық мәртебесін тұрақты сақтау жөніндегі негізгі принцип пен еліміз осы мәртебеге сәйкес жүктеп алған барлық міндеттемелер кешені жатыр. Демек, бізден халықаралық сахнада қандай да бір саяси альянс құруды күтуге болмайды",- деді ол.

Сонымен қатар, Гурбангулы Бердімұхаммедов Түрікменстан өзінің "сенімді серіктерімен" саяси және экономикалық байланыстарын берік ұстанып, оларды одан әрі дамытатындығын атап көрсетті. "Біз қазірдің өзінде бірқатар елдерден ресми сапарға шақыру алдық. Мұндай іссапарлардың уақыты мен орны нақтылануда",- деп қосты ол.

Осыған байланысты мемлекет басшысы екіжақты Түрікменстан - Ресей мемлекетаралық мүмкіншіліктер әлеуеті "айтарлықтай ұзақ мерзім бойы толық пайдаланылмай келгеніне" тоқтала кетті. "Экономика, ғылым мен техника және мәдени ынтымақтастық салаларында екі жақ өзара қызығушылық танытып отырған, өзіндік жемісін беретін көптеген бағыттар бар",- деді ол.

Сонымен қатар, Гурбангулы Бердімұхаммедов "Түрікменстан бұрындары жасалған екіжақты келісімдерге қатысты халықаралық экономикалық байланыстар саласындағы өз міндеттемелерін сақтап қалатындығын" атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны