08.01.2008, 16:59 2949

Түрікменстан мен Өзбекстаннан Тәжікстанға тасымалданатын электр қуатының көлемі азайтылды

Түрікменстан мен Өзбекстаннан Тәжікстанға тасымалданатын электр қуатының көлемі азайтылды

Душанбе. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Орталық Азия елдерінде орныққан аяздардан Түрікменстан мен Өзбекстан Тәжікстанға тасымалдайтын электр қуатының көлемін азайтты, деп хабарлайды агенттік тілшісіне "Барки тоджик" баспасөз орталығында.

Соңғы күндері Өзбекстан мен Түркменстаннан Тәжікстанға тәулігіне 5 млн кВт сағат электр қуаты жеткізілуде. Ал бір жеті бұрын оның көлемі 10 млн кВт құраған, деп хабарлады "Барки тоджик" инженерлік компаниясы басшысының орынбасары Рашид Гулов. Соның салдарынан тұрғындарға электр қуаты тәулігіне 4-5 тен 2-3 сағатқа дейін азайтылды. "Мұндай шаралар жылы күндер орныққанға дейін және аймақтағы басқа елдердің тұтыну көлемі азайғанда ғана алып тасталады. Сонда ғана Тәжікстанға тиісті көлемде электр қуаты жеткізілетін болады", - деп хабарлады Рашид Гулов.

Келісім бойынша, Түркменстан Тәжікстанға қысқы мерзімде1 млрд 200 млн кВт сағат электр қуатын жіберуі тиіс болса, Өзбекстан - 600 млн кВт сағат электр қуатын жөнелту керек.

Электр қуатының тапшылығына қарамастан, Тәжікстанда жаңа жылдан бастап, оның құны көтерілетін болады. Осы күнге дейін 250 кВт сағаты көлемінде орныққан лимит аясында 1 кВт сағаты 2,4 дирамды құраса, одан жоғары нормасының 1 кВтс 3,8 дирам төленіп отырған. Енді тұрғындар пайдаланылған электр қуатын бір тариф бойынша төлейтін болады. "Барки тоджик" өкілдерінің айтуынша, тариф 20 пайызға дейін өсуі ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны