28.05.2007, 14:28 2858

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов Қазақстанға сапармен келеді

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. 28-29 мамырда Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. СІМ өкілінің хабарлауынша, Түрікменстан президенті сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі жақтың үкімет мүшелерінің қатысуымен келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған.

АСТАНА. 28-мамыр. Kazakhstan Today. 28-29 мамырда Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

СІМ өкілінің хабарлауынша, Түрікменстан президенті сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі жақтың үкімет мүшелерінің қатысуымен келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Бұл келіссөздердің негізгі тақырыбы - қазақ-түркімен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыту болады.

"Атап айтар болсақ, қазақстандық компаниялардың Түрікменстандағы мұнай-газ кеніштерін игеру жобаларына, елдер арасындағы темір жол тармақтары мен өзге де көлік жолдарының құрылысына қатысу мүмкіндіктерін, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылау көзделуде. Сапар қарсаңында Алматы мен Ашхабад арасында аптасына екі рет әуе қатынасы қайта іске қосылды",- деді Е.Ашықбаев.

Келіссөздердің нәтижесінде бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны