26.12.2006, 18:35 3126

Түрікменстанда жаңа президентті сайлау мерзімі жарияланды

АЛМАТЫ. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today. Түрікменстанда президент сайлауы 2007 жылы 11 ақпанда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today

агенттігінің тілшісі Түрікменстанның мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл шешім бүгін Түрікменбасының рухани сарайында өткен өкіметтің жоғары өкілетті органы - Халк маслахаты(Халық мәслихаты) мәжілісінде қабылданды.

Сонымен қатар, Халық кеңесі тарапынан Түрікменстан президенттігіне екі үміткер ұсынылды. Олардың бірі мұнай газ өнеркәсібі және минералды ресурстар вице-министрі Ишангулы Нуррыев, екіншісі - туризм және спорт вице-министрі Дурды Дурдыев.

Халық кеңесі президент сайлауы туралы заңды және ел Конституциясына енгізілген түзетулерді қабылдады.

Осыған дейін хабарланғандай, Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов 21 желтоқсанда жүрек ауруынан көз жұмды. 24 желтоқсанда Түрікменбасы Ашхабад түбіндегі Қыпшақ ауылында жерленді.

Сайлау өткенге дейін президент міндетін министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Гурбангулы Бердымұхамедов атқарады.

Түрікменстан Конституциясына сәйкес, ел президенті болып республикада туып өскен, 40 жастан жоғары және 70 жастан аспаған , мемлекеттік тілді жетік білетін, соңғы он бес жыл бойы Түрікменстанда тұрақтаған және мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, ауыл шаруашылығы салаларында қызмет еткен ел азаматы сайлана алады.

Президентті бес жылға Түрікменстан халқы сайлайды, ол Халық кеңесінде ант қабылдағаннан кейін бірден қызметке кіріседі. Конституция бойынша,Түрікменстан президентінің міндетін атқарушы президенттікке ұсынылмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны