09.11.2006, 18:33 3081

Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммиті 17-қарашада Антальяда өтеді

АСТАНА. 9-қараша. Kazakhstan Today. Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммиті 17-қарашада Антальяда өтеді, оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Бүгін Астанада ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Түркия елшісі Танер Себенмен кездесуде алдағы саммитке дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар бұған қоса Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту төңірегінде пікір алмасты. Қ.Тоқаев Теңіздегі оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін екі ел үкіметтерінің жақын ықпалдастығы қажет екенін атап өтті.

Бүгін сондай-ақ еліміздің СІМ Ұлыбритания елшісі Пол Браммелді қабылдады. Онда мемлекет басшысының таяуда Біріккен Корольдікке жасайтын ресми сапарына дайындық барысы талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны