17.06.2006, 17:35 2781

Түркия Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдерді БҰҰ-ның “Өркениеттер альянсы” атты жобасын қолдауға шақырды

АЛМАТЫ. 17-маусым. Kazakhstan Today. Түркия Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдерді БҰҰ-ның “Өркениеттер альянсы” атты жобасын қолдауға шақырды. Бұл туралы Түркия СІМ-нің орынбасары Абдулла Гюль бүгін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммитінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Абдулла Гюль Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдерді ынтымақтастықтың жаңа түрлерін дамытуға шақырды. “Біздің ықпалдастық тетіктеріміз икемді болуға тиіс. Экология, қоршаған ортаны қорғау салаларында ынтымақтастықтың жаңа түрлерін қолданысқа енгізетін, энергетика мен көлік дәліздерін дамытуға баса назар аударатын мерзім жетті”,- деді ол.

Түркия СІМ-нің орынбасарының пікірінше, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әлеуеті үлкен. “Бүгінгі саммитке қатысушыларды әскери-саяси, экономикалық және экологиялық салалардағы сенім шараларын түсіну ісінде өзара мәмілеге келуге шақырамын”,- деді А.Гюль.

Ол сондай-ақ саммитке қатысушыларды БҰҰ бас хатшысының қолдауымен Түркия мен Испания бірлесіп жүзеге асырып жатқан “Өркениеттер альянсы” атты жобаны қолдауға шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны