05.05.2008, 15:12 3765

Түркия елшілігі ағымдағы жылдың маусым айында Алматыдан Астанаға көшеді

Түркия елшілігі ағымдағы жылдың маусым айында Алматыдан Астанаға көшеді

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түркия елшілігі ағымдағы жылдың маусым айында Алматыдан Астанаға көшеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан президентіне сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін өткен брифингте Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Атилла Гюнай мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің еліміздің елшілігі әзірге Алматыда орналасқан. Ағымдағы ыжлдың маусым айынан бастап біз Астанаға қоныс аударатын боламыз", - деді А. Гюнай. Оның хабарлауынша, "елшіліктің Астанадағы ғимаратының құрылысы салынып жатыр, ол жуырда аяқталады".

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми рәсімде екі жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. "Жоғары деңгейдегі байланыстардың қарқыны біздің сауда-экономика, шағын және орта бизнестің арасындағы байланыс пен Қазақстанда инфрақұрылымды дамытатын жобаларды жүзеге асыруға бағытталған байланысты кеңейтуге дайын екенімізді дәлелдейді", -деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының пікірінше, екі ел президенттерінің өткен жылғы сапарлары "Қазақстан -Түркия қарым-қатыастарының барлық жақтары бойынша байланысты одан әрі тереңдетуге жаңа мүмкіндіктер ашты".

ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 1,9 млрд долларға жетті, ал 2006 жылы ол 906,6 млн долларды құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны