17.05.2010, 18:26 3658

Түркия Республикасының президенті Абдолла Гюль Қазақстанға ресми сапармен келеді

Түркия Республикасының президенті Абдолла Гюль Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Түркия Республикасының президенті Абдолла Гюль 23 және 26 мамыр аралығында Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сапар шеңберінде Абдолла Гюльдің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты келіссөздері күтілуде. Солардың барысында екіжақты қатынастар және халықаралық аренадағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланбақ.

Сондай-ақ, Түрік президенті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесулері жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады.

Абдолла Гюль Түркістан қаласына барып, сондағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің оқытушылар мен студенттік құрамымен кездеседі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны