16.10.2008, 16:38 2752

Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Көксал Топтан Қазақстанға ресми сапармен келеді

Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Көксал Топтан Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың 19-23 қазаны аралығында Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Көксал Топтан біздің елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында Түркияның Ұлттық жиналысының төрағасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, парламенттің қос палатасының төрағаларымен, еліміздің премьер-министрімен кездеседі.

Сапар бағдарламасы аясында К.Топтан Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқытушылар құрамы мен тыңдаушыларының алдында сөз сөйлеп, түрік кәсіпкерлерімен кездеседі және Астанадағы қазақ-түрік лицейінде болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны