28.03.2007, 18:11 2505

Түркия Изербайжан мен Қазақстан арасында оптикалық-талшықты байланыс желісін тартудан мүдделі

БАКУ. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Түркия Изербайжан мен Қазақстан арасында оптикалық-талшықты байланыс желісін тартудан мүдделі, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін Изербайжанға Түркия көлік және байланыс министрінің кеңесшісі бастаған түрік өкілдері келмекші.

Изербайжанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Или Аббасовтың журналистерге хабарлағанындай, өкілдер Бакуде өтетін келіссөздер барысында Изербайжан мен Қазақстан арасында Каспий теңізінің түбі арқылы оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту мәселелерән талқылайды.

"Бүгінде Қазақстан да, Изербайжан да осынау байланыс желісін тартуға қажетті барлық түйткілдерді шешті деп санайды. Меніңше, келіссөздерді тың арнаға бұрған жөн",- деді И.Аббасов. "Түркия жағы бұл мәселенің жедел шешілуін қалайды. Осы жайлы Түркия көлік және байланыс министрінің кеңесшісі мен "Turktelekom" бас директоры орынбасарының осы жолғы Баку сапары барысында талқыламақ ниетте",- деді ол.

Министрдің айтуынша, Каспий теңізінің түбі арқылы Сиазань (Бакуден солтүстікке қарай 120 шақырымда) мен Ақтау арасында байланыс желісін тарту құны шамамен 7-10 млн долларға тең.

Каспий арқылы 400 шақырымға созылатын жаңа желі Азия мен Еуропа елдері арқылы өтетін Трансазиялық -Еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісінің бір тармағы болмақ. Трансазиялық -Еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісі Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Түркия, Украина, Польша, Изербайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Румыния, Венгрия, Австрия, Пәкістан, Ауғанстан елдерін қамтып, Германияның Майндағы Франкфурт қаласында аяқталады.

Қазақстан жағының пікірінше, бұл желіні тарту елімізге Закавказье мен Түркия, сондай-ақ, Батыс және Шығыс Еуропа арқылы Еуропаның телекоммуникациялық нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны