09.07.2011, 16:55 3429

Түркияның Parigi Group компаниясы Семейде әуежай және ет-сүт комбинатын салуды көздейді

Атап айтқанда, жүзеге асыру жоспарланған жобалар қатарында сауда ойын-сауық орталығын салу, Семей қаласының қазіргі әуежайын жөндеуден өткізу және жаңа халықаралық әуежай салу, көлік-логистикалық орталығын салу, ет-сүт комбинатын салу тұр. Семейліктер үшін маңызды жобалардың бірі жаңа үшінші жылу энерго орталығының құрылысы болып отыр. Сонымен қатар, аталмыш инвестициялық топ жоспарында заманауи аяқ киім фабрикасын орнату және жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру де бар.

Семей. 11 шілде. Kazakhstan Today - Семей қаласының әкімдігі Түркияның Parigi Group инвестициялық тобымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, жүзеге асыру жоспарланған жобалар қатарында сауда ойын-сауық орталығын салу, Семей қаласының қазіргі әуежайын жөндеуден өткізу және жаңа халықаралық әуежай салу, көлік-логистикалық орталығын салу, ет-сүт комбинатын салу тұр. Семейліктер үшін маңызды жобалардың бірі жаңа үшінші жылу энерго орталығының құрылысы болып отыр. Сонымен қатар, аталмыш инвестициялық топ жоспарында заманауи аяқ киім фабрикасын орнату және жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру де бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны