14.05.2007, 08:58 2615

Түркіменбашы қаласында Қазақстан, Ресей және Түркіменстан президенттерінің үшжақты саммиті болып өтті

АСТАНА. 14-мамыр.Kazakhstan Today. Түркіменбашы қаласында өткен сенбіде Қазақстан, Ресей және Түркіменстан президенттерінің үшжақты саммиті болып өтті. Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Гурбангулы Бердымұхаммедов бір жарым сағатқа жуық болған өзара кездесуде көлік-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары жүргізілген келіссөздердің қорытындысы жөнінде көпжақты құжаттарға қол қою рәсімінің алдында әңгімелеп берді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесудің нәтижелеріне қанағаттанғанын жеткізді.

"Каспий жағалауы газ құбыр желісінің құрылысын жүргізу туралы құжат келісілді. Қазақстан мұнай-газ тасымалдау үшін мүмкіндік ұсынуға әрқашан дайын, ал бүгінде жаңа газ құбыры жобасын, сондай-ақ қолда бар газ тасымалдау жүйелерінің қуатын кеңейтуді қолдап отыр. Біз Каспий проблемалары жөнінде толық әрі орнықты пікір алмастық, болған келіссөздер біздің барлығымыздың Каспий теңізінің мәртебесі мәселесі бойынша келісілген ұстанымға қол жеткізуге деген тілегіміздің бар екенін көрсетті. Бұл теңіз қорын сақтау және өңірдегі қауіпсіздік проблемаларына да қатысты", - деді Н.Назарбаев.

Түркіменбашы қаласындағы үшжақты самиттің алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедовтің кездесуі болып өтті.

Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Мемлекет басшылары экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, отын-энергетика және көлік инфрақұрылымы, соның ішінде темір жол және автомобиль салаларын дамытуға айрықша назар аударды.

Сондай-ақ Түкіменстан президентінің алдағы уақытта Қазақстанға жасайтын сапары жайлы мәселелер қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны