09.06.2008, 10:01 1133

Түркіменстан президенті Санкт-Петербургтегі ТМД елдерінің бейресми саммитінде өз елінің басымдықтарын жариялады

Түркіменстан президенті Санкт-Петербургтегі ТМД елдерінің бейресми саммитінде өз елінің басымдықтарын жариялады

Мәскеу. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Санкт-Петербургтегі ТМД елдері басшыларының бейресми саммитінің аясында жұма күні өткен Константинов сарайындағы кездесуде Түркіменстан тұғырнамасын ТМД-ның заманауи дамуы сатысындағы қауымдасқан мүшесі ретінде атады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Түркіменстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі барлық мемлекеттермен, әсіресе, ТМД елдерімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл ретте талқыланатын проблемалар мен шешілетін тапсырмаларға байланысты кеңейтілген форматтағы өзара іс-қимыл да жоққа шығарылмайды", - деп мәлімдеді Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстан басшысы соңғы уақыттардағы Түркіменстанның ТМД елдерімен қатынасы жоғары деңгейге жеткенін жеткізді. Оған негізінен ТМД аясындағы саммиттер, ресми кездесулер және басқа да әртүрлі деңгейлердегі шаралар ықпал етіп отыр.

Осыған байланысты ХІІ Петербург халықаралық экономикалық форумын ұйымдастырушылар мен оның қатысушыларына сәттілік тілей отырып Гурбангулы Бердімұхамедов 2009 жылы Ашхабад қаласында ТМД елдерінің ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерінің саммитін өткізуге ұсыныс білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны