04.10.2007, 17:26 3309

Түркіменстанның президенті Тәжікстанға ресми сапармен келді

Түркіменстанның президенті Тәжікстанға ресми сапармен келді

Душанбе. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Түркіменстанның президенті Гурбангулы Бердымухамедов Тәжікстанға екі күндік ресми сапармен келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Душанбеде Г. Бердымухамедов Тәжікстанның президенті Эмомоли Рахмонмен үкімет резиденцияда кездесті. Кездесу "1+1" форматында өтті. Күннің екінші жартысында Душанбеде Тәжікстан мен Түркіменстан өкілдерінің қатысуымен келіссөздер өтеді.

Келіссөздер қорытындысы бойныша тәжік-түркімен қатынастарын регламенттейтін тоғыз екіжақты құжатқа қол қойылады, деп күтілуде. Олардың ішінде ең маңыздысы, Достастық және ынтымақтастық туралы келісім болмақ. Сонымен қатар, экономика және сауда, ғылым және техника саласында, инвестицияны қорғау және мадақтау, ауылшаруашылық, мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарланған. Елбасы құжаттарға қол қойылғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасайды.

5-қазанда Түркіменстанның президенті Тәжікстанның бірқатар нысандарын барғаннан кейін, күннің екінші жартысында ТМД мүше мемлекеттердің басшылары Кеңесінің отырысына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны